Жамбыл облысында 5 туристік аймақ құрылған

0 47

Жамбыл облысының мәдениет ошақтарында «Цифрландырылған ақпараттық орталықтары» ашылады. Бұл туралы облыс әкімі мәслихат депутаттары алдында берген есебінде айтты, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі .

Одан бөлек «Әулиеатаның қасиетті жерлерінің картасы» жобасы іске асырылып, «Әулиеата өңірінің көптомдық энциклопедиясын» сериялармен шығару бойынша жұмыстар басталды.

Жергілікті бюджет және инвесторлар қаражатына өңірде 5 арнайы туристік аймақ құрылды.Осы мақсатта Жуалы ауданында «Қаралма» тау-шаңғы туристік базасын салу бойынша инвестициялық жобасы әзірленді. Бұдан басқа облыстың 33 туристік нысан кірген 12 туристік маршрут әзірленді.

Биылдан бастап аймақтағы туризмді дамыту мақсатында облыстың оңтайлы имиджін қалыптастыруға бағытталған бір­қатар іс-шаралар өткізілуде. Туризм саласындағы ресурстарды жүйелеу мен бар резервтерді бірлестіру үшін Жамбыл облысындағы туризмді дамыту үрдістері мен негізгі бағыттары айқындалған «Ішкі және кіру туризмін дамыту аймақтық кар­тасы» әзірленді. Бүгінгі таңда осы ай­мақтық картаға сәйкес туризм саласындағы жұмыстың негізгі 4 векторы көзделіп отыр. Биылдың өзінде аймақта жалпы сомасы 5,4 млрд теңгені құрайтын бірқатар нысандар құрылысының басталуы жос­пар­ланған. Оның ішіне 5 қонақүй, 5 мей­рамхана, 2 киіз үй қалашығы мен үлкен үміт артылып отырған тау-шаңғы базасы кіреді. Арнайы туристік аймақтар құру бойынша инвесторлар, меценаттар, қаржы институттары арқылы тартылған қаражат есебінен 5 туристік аймақ құры­луда: «Қаралма» тау-шаңғы базасы, Шах­ристан аумағындағы облыстың негізгі туристік нысандарын көрсетуге арналған Show-room-ы бар «Көне Тараз шеберлері» қолөнершілер қалашығы, «Төрткөл» керуен сарайындағы «Қазақ ауылы» та­рихи-мәдени орталығы, Айша Бибі және Қарахан кесенелері мен «Әулие Бастау» сауықтыру орны кіретін тарихи-археоло­гиялық кешені, Ақыртас сарай кешені. Биыл трансшекаралық туристік маршрут­тарды дамыту бойынша Қырғызстан мемлекетінің Талас және Ыстықкөл облыс­тарын Жамбыл облысымен байла­ныстыратын «Ұлы Жібек жолындағы ту­ризм» трансшекаралық туристік маршруты құрылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.