Қазақстандықтар қауіпті препаратты дәріханаларға қайтарып жатыр

0 0

«Вазар» препаратын қабылдаған 12 мың қазақстандықтың екеуі рак ауруына шалдығуы мүмкін. Қазақстанда науқастар құрамынан қауіпті зат табылған «Вазар» және «Вазар-Н» препаратын дәріханаларға қайтара бастады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы директорының орынбасары Арнұр Нұртаевтың айтуынша,  кұрамында валсартан бар препаратты қабылдаған 12 мың қазақстандықтың екеуі қатерлі ісік ауруына шалдығуы мүмкін.

Қытайлық компания екі жыл бұрын валсартаны бар препараттың кейбір серияларын өндірудің жаңаша тәсілін ойлап тауып, оны нарыққа шығарып болған соң, құрамында қауіпті қоспа барын анықтаған. Мұны 12 мың қазақстандық қабылдап келген.

«Егер адам 7 жыл бойы үздіксіз 320 мг-дық валсартанды қабылдаса, 5 мың адамның біреуінің ғана қатерлі ісікке шалдығу қаупі бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда валсартанды шамамен 12 мыңға жуық науқас қабылдаған. Яғни 2 адамға қауіп тудыруы мүмкін», —дейді Арнұр Нұртаев. 

Елде қатерлі ісік жасушаларын қоздыратын күмәнді 3 препараттың біреуі — «Вазардың» 3 миллионға жуық түйірі таратылған. Астанада науқастарға 9 мың түйірі берілсе, оның 8 мыңы кері қайтарылған. Ал ел бойынша 1 миллион түйірі алыныпты.

Дәріханалар желісінің қызметкері Татьяна Кириченко қан қысымы жоғары науқастарға «Вальсакор», «Ванатекс» сынды алмастырғыш дәрілер ұсынылып жатқанын айтады. Бір қызығы, оның құрамында да «Вазар» препараты секілді валсартан бар көрінеді.

Ал қазақстандық мамандар дәрінің қаупі жоғары емес деп отыр. Өйткені оның нақты қатерлі ісік тудыратыны дәлелденбеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.