Жамбыл облысында ТЖД қызметіне жаңадан келген жас мамандар Ант қабылдады (ФОТО)

0 0

Бүгін Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы саябақта Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне қызметке жаңадан қабылданған жас мамандардың Отан алдындағы алғашқы Антын қабылдау рәсімі өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Конститутция күніне орай ұйымдастырылды.

Ант қабылдау рәсімін Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Талғат Нұрғалиұлы өзінің құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ, шараға азаматтық қорғау саласының құрметті ардагерлері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.