Венгрияда өткен Әлем чемпионатынан жамбылдық боксшы 3 орынды иеленді

0 0

2018 жылдың 21 – 31 тамыз аралығында Будапешт (Венгрия) қаласында бокстан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» АА хабарлайды. 

Чемпионатқа әлемнің 66 мемлекетінен барлығы 360 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан ҚР құрама командасының сапында Жансая Әбдірайымова (51 кг) қатысып ІІІ орын иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша, біздің құрама командалық есепте екінші орында тұр. Көш басында 13 медаль иеленген Ресей құрамасы. 7 медаль алған Үндістан үшінші орында.

Жаттықтырушысы — Бауыржан Асқаров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.