Таразда Қазақстан журналистикасының жұлдыздары шеберлік сабақтарын өткізеді (ВИДЕО)

0 0

Таразда Қазақстан журналистикасының жұлдыздары шеберлік сабақтарын өткізеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Қазақстан жастарының конгресімен бірге «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасын жүзеге асыруды бастайтынын жариялайды. Отандық БАҚ-тың танымал журналистері аймақтық форумдарда жас журналистерге арнап шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізеді.

Жоба еліміздің журналистика саласын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аталған форумдар 11 қыркүйекте Тараз қаласында, 16 қыркүйек — Алматы, 25 қыркүйек – Семей, ал 5 қазанда Астана қаласында өткізіледі. Қатысушылар – 14 пен 29 жас аралығындағы жас журналистер және болашақта журналист боламын деген жастар.

Форумдарды келесі спикерлер өткізеді: Мәжіліс депутаты, тележүргізуші және журналист Артур Платонов, «Қазақстан» РТРК-нің басқарма төрағасы Ерлан Карин, «Informburo» бас редакторы Михаил Дорофеев, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл және «Караван» газетінің бас директоры Александр Нездемковский және «КТК» АҚ ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры Александр Подойников.

Жоба 3 кезеңнен тұрады: өтінім қабылдау – іріктеу кезеңі; аймақтық форумдар; қорытынды республикалық форум. Нәтижесінде 500-ге жуық жас журналистерді оқытып, менторлық көмек көрсету арқылы журналистік жолдағы прогрессін бақылау көзделген.

Жұлдызды десант баратын бірінші қала – Тараз қаласы. 11 қыркүйекте М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Jas Qalam» жобасының тұңғыш форумы өткізіледі. Қатысуға барша жас журналистер мен аталған мамандыққа қызығушылығы бар жастарды шақырамыз.

Форумдарға қатысу үшін: https://goo.gl/forms/X8RMcEDsiCdV7bak1 сілтемесі бойынша тіркелу қажет.

Толық ақпарат жоба жетекшісі: Сыздықова Аида 8 747 674 48 36 байланыс телефоны бойынша алуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.