Тараз қаласында «Brot» неміс наубайханасы ашылды

0 0

Тараз қаласында «Brot» неміс наубайханасы ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Тәулігіне 2 мың бөлке шығаруға мүмкіндігі бар кәсіпорын «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен ашылды. Қондырғылар мен пісіру пештері Германия мен Автралиядан алдырылған.

Наубайханада 12 жұмысшы бар. Жалақылары – тұрақты. Нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін мамандар шет елдерде біліктілігін арттырады. Наубайхана ашылар алдында неміс мамандары 2 күн бойы нан өнімдерін дайындаудағы тәжірибелерімен бөлісіпті.

Таза табиғи өнім шығаратын кәсіпорынның өнімдері қазірдің өзінде сұранысқа ие болып үлгерген. Талапқа сай сапа серификатын алған өнімдер ірі сауда орындарына өткізілуде.

Лола ПОЛУЭКТОВА, НАУБАЙХАНА БАСШЫСЫ:

— Біз шығаратын өнімнің барлығы 100 пайыз табиғи таза, ешқандай химиялық қоспасыз. Қазірдің өзінде нандарымыз жоғары сұранысқа ие болып жатыр. Нарыққа шығып үлгердік. Ірі сауда нүктелеріне өткізудеміз. Сапа сертификаты талапқа сай, мемлекеттік стандарттаудан өттік. Қазір жұмысшыларымыз жаңа өнімдердің құрамын жасауға дайындалуда. Келешекте мұздатылған, дайын өнімдер шығармақшымыз яғни, бұларды небәрі 15-20 минутта пеште пісіріп аласыз. Балғын, дәмді бәлішіңіз дайын.

«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бұл жобаның жүзеге асуына атсалысқан. Нақтырақ айтқанда, жеке меншік сектордағы бұл бизнес құрылымының  үлесі 48 пайызды құрап отыр. Осылайша, ұлттық компания өңірдегі шағын кәсіпкерліктің дамуына күш салып қана қоймай, бизнестегі бәсекелестікті арттыруға да өз үлесін қосуда.

Евгений СЕТЧЕНКО, НАУБАЙШЫ:

— Жұмысым өзіме ұнайды. Нанды да пісіреміз, ораймыз. Бұл істе тәжірибем жеткілікті. Бұған дейін де басқа наубайханада жұмыс істегем. Айлығымыз уақытылы беріледі. 60 мың жалақы алам.

Айта кетейік, жаңа технологиямен жабдықталған кәсіпорында 15 түрлі өнім шығарылмақ. Наубайхана басшысы Лола Полуэктованың айтуынша, болашақта «Brot»-та мұздатылған, жартылай дайын өнімдер де шығарылатын болады. Сәйкесінше, шығарылатын өнімнің алуандылығын да арттырмақ. Қазақтың шелпегі мен бауырсағы, қаттамасы мен қатырмасы дүкен сөрелерінен орын алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.