Қазақстанда күн суытады: үш өңірде үсік жүруі мүмкін

0 21

«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде үсік, тұман және қар жаууы мүмкін екенін ескертті. Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарында ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Түнде еліміздің шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жаууы мүмкін.

Республиканың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Түнде және таңертең ел аумағының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы, Қызылорда облыстарында және Жетісу облысында ауа температурасы -1…-7 °C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Ірі қалалардағы ауа райы:

  •  Астана: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4 °C, күндіз +5…+7 °C.
  •  Алматы: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5 °C, күндіз +16…+18 °C.

— Жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріңіздер, жол қозғалысы жылдамдығын сақтаңыздар, тұман кезінде аса мұқият болыңыздар және ауа райының өзгеруіне назар аударыңыздар, — деп ескертті ТЖМ.

Бұған дейін 3 қарашада Қазақстанның бірнеше облысында тұман, көктайғақ, үсік және қатты жел болатыны хабарланды. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.