Жыл сайын өңірдегі 2 мың мемқызметші біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан өтеді

0 0

Бүгін өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ашылу салтанатына және «Кәсібилендіру мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды факторы ретінде: аймақтық контекст» атты семинар-кеңеске қатысты. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Алик Шпекбаевтың жұмыс сапары осы күні түс ауа облыс әкімдігінде өткен актив жиналысымен жалғасты. Алқалы басқосуды өңір басшысы Асқар Исабекұлы жүргізіп отырды.

Алғашқы болып сөз алған Алик Жатқамбайұлы облысымыздағы қолға алынған оң бастамалар мен өркенді өзгерістерге оң бағасын бере отырып, алдағы уақытта атқарылар ауқымды жоспарлардың баянды болуын тіледі. Сондай-ақ ол өзі ашылуына қатысқан Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының маңыздылығына көңіл бөліп, оның мемлекеттік қызметшілердің дамуына елеулі үлес қосатындығын, жобалық басқаруды қолдану бойынша консультациялық қазмет көрсететінін тілге тиек етті. Елімізде Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесін құру шеңберінде ашылған және өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру орталығы болуға арналған аталмыш Академия филиалының базасында жыл сайын облыстағы мемлекеттік органдарының 2 мыңға жуық қызметкері қайта даярланып, біліктілігін арттырмақ. Сондай-ақ, өз сөзінде А.Шпекбаев мемлекеттік қызметшілерге қойылар талаптың жоғары, оларға беріліп отырған мүмкіндіктің де мол екенін назарға алды. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу секілді тағы басқа осындай маңызды бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Бұдан соң «Protecting Business and Investments» ( «Защита бизнеса и инвестиций») жобалық офисінің басшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Гүлмира Кабиева баяндама жасады. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Асқар Исабекұлы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, агенттік төрағасының мемлекеттік қызметшілерінің біліктігін арттыру, жалақысын көбейту сынды ойларын қуаттап, түсінікті тілмен көп жайттан xабар берген қонақтарға алғыс айтты.

Агенттік төрағасының облысымыздағы жұмыс сапары «Достық» үйі және «Көне Тараз» тариxи-мәдени орталығымен «Ақыртас» тариxи кешенінде жалғасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.