Ғалымдар аспириннің қандай қатерлі ауруды емдейтінін айтты

0 4

Мамандар аспирин ішіп жүрген 120 мың науқастың мәліметтеріне талдау жүргізді. Кардифф университетінің ғалымдары аспириннің қатерлі ісіктің кей түрін емдеуге көмектесетінін анықтады. Бұл туралы MedicalXpress таратқан баспасөз хабарламасында айтылды.

Мамандар ішек, қуықалды және сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан және әртүрлі мөлшерде аспирин ішіп жүрген 120 мың науқастың мәліметтерін талдады. Сондай-ақ, бұл дәріні мүлдем ауызға алмаған 400 мың науқасқа қатысты зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, аталған дәріні тұтынатындардың тірі қалу мүмкіндігі 20-30% өсетіні белгілі болды.

Ал дәрінің кері әсеріне келетін болсақ, науқастардың аз бөлігінде ғана асқазан-ішек жолынан қан кеткен. Сондай-ақ, кейбіреуінде қан кетуге аспириннен өзге нәрсе себеп болғаны белгілі болды.

Ғалымдар бұл зерттеу жұмысы обсервациялық бақылау негізінде жүргізілгендіктен, әзірге аспириннің қатерлі ісікті емдеуге қалай көмектесетіні белгісіз болып отыр. Алайда олар қатерлі ісіктің алдын алып, емдеуде ауырсынуды басатын дәрілердің айтарлықтай әсері бар екеніне бірден бір дәлел.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.