Шу ауданында мемқызметшілер арасында диктант жазудан акция өтті

0 0

Бүгін Шу ауданының барлық білім беру мекемелерінде түрлі ұлт өкілдерінен құралған оқушылар мен аудандық кітапхананың оқу залында мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілінде диктант жазудан акция өткізілуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Жоба Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени ағартушылық жобасын іске асырда. Жоба қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді ныңайту факторы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру міндеттерін орындауды көздейді.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, сауатты жазуға бейімдеу, мақсатында ұйымдастырылып жатқан диктант жазу акциясына 4861 оқушы және 19 ауылдық округтердің жетекші бас мамандары қатысты.

Акцияға қатысушылар «Астана бейбітшілік бесігі» тақырыбында диктант жазды.

Сондай-ақ, олар тек мәтін жазумен шектелмей, бас қала жайында кең мағлұматқа қанықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.