Таразда «Дәмді. «Taraz – food tourism — 2018» көрмесі өтуде

0 35

Дәл қазіргі уақытта  «Көне Тараз» тарихи-археологиялық кешенінде Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм басқармасының ұйымдастырумен «Дәмді. «Taraz – food tourism — 2018» ұлттық тағамдар көрмесі өтуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды. 

Шара барысында жергілікті аспаздар бағзыдан бүгінге жеткен тағам түрлерін дайындау, сыйлы қонаққа арналған ас табағын әзірлеу, оны қонақтардың мәртебесіне қарай үлестіру сынды жөн-жоралғыларын шет елдік қонақтарға таныстыруда.

Сонымен қатар, бүгін тағам туризм дамыту тақырыбында семинар кеңестер, шеберлік сабақтары және өзара әріптестік жөніндегі меморандаумдарға қол қойылады деп жоспарлануда.


Байқауға тағам туризмі саласында еңбек етіп жүрген 100-ге жуық шет елдік және 300-ге жуық қазақстандық турист келеді.

Ең бастысы – осы көрмеде халық назарына ұсынылған ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан тағамдары жергілікті мейрамханалардың мәзіріне енгізілетін болады.

Айта кетейік, бұл шара ертеңде өз жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.