Меркі ауданында жаңадан алынған ангиографиялық құрылғымен алғаш рет ота жасалды

0 2

Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында алғаш рет заманауи ангиографиялық жабдықтың іске қосылуы мен шеберлік сағаты өтті. Бұл — аудан тұрғындары үшін үлкен жетістік, себебі бұрын мұндай жоғары деңгейдегі медициналық көмек тек облыс орталықтарында ғана көрсетілетін еді.
Іс-шараға Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының жетекші дәрігерлері және штаттан тыс мамандары қатысты. Бүгінде жаңа Trinias ангиографиялық жүйесі (Shimadzu Europa GmbH, Германия) арқылы күрделі медициналық араласулар жасалып, алғашқы күннің өзінде коронарография және коронарлық артерияларды стенттеу сияқты жоғары технологиялық операциялар сәтті жүзеге асырылды.
Бұл жабдықтың енгізілуі Меркі ауданындағы медициналық қызметтердің сапасын айтарлықтай арттырды. Енді аудан тұрғындары өмірлік маңызды медициналық көмек алу үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ, уақытты үнемдей отырып, өз жерінде ең жоғары деңгейдегі емді алуға мүмкіндігі бар. Емханана жсопары бойынша алдағы уақытта күрделі медициналық араласуларды тұрақты негізде жүргізу, өз мамандарымыздың толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемін кеңейту жұмыстары тұр.
Алдағы уақытта Меркі аудандық ауруханасы аймақтағы заманауи кардиологиялық орталық болып қалыптаспақшы, бұл жаңалық — ауылдық денсаулық сақтау жүйесінің жаңғыруына жаңа серпін беріп, жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша сапалы көмек көрсетудің маңызды кезеңін бастайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.