Мойынқұм ауданында қазақ күресінен облыстық ашық біріншілік өтті

0 2

Мойынқұм аудан орталығындағы Спорт кешенінде қазақ күресінен Қазақ ССР-нің спорт шебері, талай жарыстардың жеңімпазы Серғали Омаровты еске алуға арналған еркін күрестен 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Қалдыбеков, аудандық спорт мектебінің директоры Темірхан Жұмағұлов, еркін күрестен ҚР чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, бас төреші Нұрсұлтан Найзабековтер сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ еркін күрестен Мойынқұм спорт мектебінің жаттықтырушысы Талғат Әбдібековтің ұйымдастыруымен өткен аталмыш спорт бәсекесіне С.Омаровтың отбасы да қатысты.

Спорттық турнир жастарды спортқа баулу, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу және еркін күресті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыста Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі Қордай, Шу, Мойынқұм аудандары және Тараз қаласы командаларынан қатысқан 200-ге жуық жас спортшылар 26 келіден бастап +50 келіге дейінгі 9 салмақ дәрежесінде белдесіп, бақ сынады.

Күн ұясына батып, ымырт үйірілгенше созылған турнирдің қорытындысы бойынша білекті балуандар барлық қарсыластарын ұтып, өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды. Жеңімпаздарға турнирге арнайы тапсырыспен дайындалған медальдар және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.