Журналистерге арналған SIM-карта шықты 

0 0

Журналистерге арналған SIM-карта шықты . Сим-карта арқылы жасырын сөйлесуге мүмкіндік бар. Арадағы әңгімені де, жазысқан хаттарды да ешкім тыңдап, көре алмайды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Англиялықтар ешкім тыңдай алмайтын, иесіне қауіпсіз сим-карта шығарды. Brass Horn Communications деп аталатын стартап жобасының шығарған сим-картасы арқылы жасырын сөйлесуге мүмкіндік бар.

Арадағы әңгімені де, жазысқан хаттарды да ешкім тыңдап, көре алмайды. Бұл жобаның негізін қалаған Гарет Левелин сим-картаны саудағы шығарып қана қоймай, мұқым Англияны қамтығысы, тіпті шет елдерге шығарғысы келеді.

— Ең әуелі ерекше сим-картаны журналистер, информаторлар және басқа да өмірі қауіп-қатерге толы мамандық иелері ұстаса,- дейді өнертапқыш.

Айта кетейік, бұл жоба TOR технологиясының арқасында іске асқан. Ал аталмыш технология Android-тың базасында жуықта ғана пайда болды.

Дереккөз: el24kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.