Сарысу ауданында жаңа клуб халық игілігіне берілді

0 0

Сарысу ауданы Әшір Бүркітбаев ауылында ескі ғимаратқа қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа клуб халық игілігіне тапсырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан бүгінде күннен — күнге дамып, өркендеп келеді. Жаңадан пайдалануға берілген мәдениет ошағы соның бір дәлелі. Бұл ғимаратты ашудағы мақсат аудан жастарының өнердің кәусар бұлағынан сусындап, ата-баба дәстүрін насихаттауда еңбек етуден жалықпасын, ізденсін, асыл мәдениетімізді одан әрі жалғастырсын, — деді аудан әкімі Балабек Нарбаев.

Іс-шарада Әшір Бүркітбаев ауылының ардагерлері мен жалынды жастарының жүректері қуанышқа толып, өздерінің ізгі лебіздерін жеткізді.

Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің жез таңдай әншілері мен өнер ұжымдарының концерттік бағдарламалары мерекенің сәнін келтіріп, көрермендерге әсем ән, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.