Келер жылдан бастап, бюджеттен жалақы алатын 23 424 қызметкер үшін төменгі жалақы өседі. Бұл туралы бүгін «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
— Бизнес өкілдері бұл шешімді қолдау үшін әрбір кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіліп, жұмыс жүргізілуде. Бүгінде облыстағы белгілі кәсіпорындар бұл шешімді қолдап, 9 мың қызметкердің еңбек ақысын көтергелі отыр. Олардың қатарында «Жамбылгипс» АҚ, «TMЗ» ЖШС, «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС және «Жамбыл Цемент Өндiрiсiтік компания» ЖШС, Завод «Металконструкций и резервуаров» ЖШС, «Алтыналмас» АҚ снды кәсіпорындар бар. Облыстағы 95 ірі және орта бизнес субъектілерімен жыл соңына дейін келіссөздер жүргізіліп бітеді,-деді өңір басшысы.