Жамбыл облысында құны 1 млрд. доллар болатын 13 инвестициялық жоба іске асуда

0 0

Жамбыл облысында құны 1 млрд. доллар болатын 13 инвестициялық жоба іске асуда. Бұл туралы бүгін «Орталық коммуникациялар қызметі»  алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыс басшысы «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша жылдың басында қабылданған облыстық кәсіпкерлікті қолдау Картасына өзгерістер енгізілуде екенін хабарлады.

Іске асырылатын жобалардың ішінде экспортқа бағытталған Казфосфаттың аммофос өндірісінің көлемін көбейту жобасын атап өтуге болады.

Шикізаттық емес секторда жобаларды іске асыру үшін «Инвесторларға қызмет көрсету орталығының» жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ағылшын, қытай, түрік, корей тілдерін білетін жастар жұмысқа алынды.

— Бүгінде бұл салаға салынған инвестициялар 100 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға артқан. Ал, инвестициялардың ай сайын өсуінің оң үрдісі жеке меншік капиталының 30%-ға өсуімен байланысты. Қазіргі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда, — деді Асқар Мырзахметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.