Жамбылдық ұстаздар республикалық байқауда үздік атанды

0 2

Қазан айының 24-25 күндері аралығында Алматыда дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы мәреге жетіп, үздік атанған ұстаздар марапатталды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

«Алтын Қарғалы» шипажайында өткен республикалық конкурсқа байқаудың облыстық кезеңінен өткен 18 педагогтың жұмысы ұсынылып, қазылар алқасының шешімі бойынша жамбылдық 12 педагогтың жұмысы жеңімпаз деп танылып, ұстаздар жүлделі І, ІІ, ІІІ орындардың, және 5 номинацияның иегері атанды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің инновациялық-педагогикалық қызметін дамыту мақсатында жыл сайын өткізіп келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.