Түнде жұмыс істеудің қаупі: ғалымдар жантүршігерлік қорытынды жасады

0 0

Түнгі ауысыммен жұмыс істеу әйелдердің сүт безі қатерлі ісігіне шалдығуына әкеп соғады. Мамандар түнде жұмыс істейтін адамдардың қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін екенін анықтады.

Сеченов атындағы Бірінші МММУ ұйқы медицинасы бөлімінің меңгерушісі Михаил Полуэктовтың сөзіне сүйенсек, ұйықтаудың орнына кез келген тірлікпен айналысу адам ағзасының биологиялық сағатына қайшы келеді.

Оның айтуынша, қараңғы түскен уақытта адам ағзасының жасушалары түнгі режимге ауысады. Мұның бәрін генетикалық механизм басқарады. Демек, адам түнде жұмыс істеп, күндіз ұйықтайтын болса, тәуліктік биоритмі бұзылып, десинхронозға ұшырайды.

Полуэктов хабарлағандай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауысыммен жұмыс істеудің кейбір онкологиялық ауруларға шалдығу қауіпін арттыратынын мәлімдеген. Әсіресе, әйелдер арасында. Түнде жұмыс істейтін медбикелердің сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу қаупі 40%-ға, ал стюрдессаларда — 70%-ға артады.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.