Жамбыл облысының бюджетіне 206,6 млрд. теңге түсті

0 17

Жамбыл облысының бюджетіне ағымдағы жылдың 10 айының ішінде 206,6 млрд. теңге сомасында кірістер түсті, оның ішінде меншікті кірістер сомасы 45,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Роза Әбдірқызының айтуынша, 2018 жылғы 10 айдың көлемінде облыс бюджеттің кіріс бөлігі, трансферттермен қоса есептегенде 101,9%-ға, оның ішінде өз кірістері 109,4%-ға орындалды. Сондай-ақ, кірістердің жоспарын орындау бойынша облысымыз басқа облыстармен салыстырғанда, 4 көрсеткішті көрсетіп отыр.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, меншікті кірістердің өсімі 113,3%-ға қамтамасыз етілді немесе жоспардан артық 5,4 млрд. теңге түсті. Меншікті кірістер жылдан жылға артып келеді. Жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту бойынша жергілікті өзін-өзі басқару, салық және басқа да органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру тетіктерінің бірі–облыс бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Өзара іс-қимыл жоспары.

Ең алдымен, жоспар жер учаскелерінің және басқа да жылжымайтын мүліктердің меншік иелерін анықтап, оларды салық төлеуге тартуды, жеке тұлғалардың мүлік, жер учаскелеріне меншік құқықтарын рәсімдеулеріне жәрдемдесуді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын,  сондай-ақ белгіленген мерзімде игерілмеген жер учаскелерін анықтауды көздеп отыр. Мұндай жер учаскелерінің иелері қолданыстағы салық заңнамасының нормаларына сәйкес, салықтарын жоғарылатылған мөлшерде тиісті жергілікті бюджеттерге төлеуге тиісті болады.

Сонымен бірге, жергілікті бюджетке түсетін мүлік, жер, көлік салықтарын және осы салықтар бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар, жол жүру ережелерін бұзу фактілері бойынша салынған айыппұлдарды әкімшілендіруді арттыру мақсатында «Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру» ақпараттық жүйесі сатып алынып, қолданысқа енгізілді. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, ақпараттық жүйе аумақтың салықтық базасын болжаммен 500,0 млн.теңгеге арттырылуына септігін тигізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.