Резюмедегі жиі кездесетін 5 қате

0 6

Резюме бұл кез-келген маман үшін ең маңызды заттардың бірі. Бірақ көбіміз резюме толтыруға немқұрайлы қараймыз. Төмендегі қателіктер банальді көрінгенмен өте көп адамдарда кездеседі.

Біз көрсеткен резюмедегі қателер жиі ғана болып қоймай, үлкен қателер санатына жатады. Себебі оларға қарап жұмыс берушінің бастапқы әрі негізге ойлары қалыптасады. Қысқасы, жақсы жұмыс табу үшін жақсы резюме қажет.

Сонымен, резюмелердегі ең жиі кездесетін бес қате: ⠀

1.  ОҚУҒА ҚИЫН, түсініксіз резюме. Резюмедегі мәтіннің бәрі бір абзацта. Қай жерде  тәжірибе, қай жерде жақсы жақтарыңыз жазылғаны түсініксіз. Әр түрлі шрифт, мәтіннің шеттері қисық және т.с.с. қателіктер көзге жаман көрінеді. Резюмені әдемілеп толтырыңыз. Ол сіз жайлы алғашқы пікір қалыптастырады. ⠀ Және сәнге ғана қарамай, контентке назар аударыңыз. Өзініздің жетістіктеріңізді жаздыңыз ба? Олар мамандыққа байланысты ма? Жұмысберушіге қызық болады ма? Мысалы бухгалтер мамандығы үшін сіздің дизайн курстарын өткендігі туралы мәлімет пайдадан көрі кері әсер береді. ⠀

2. БАСҚА  МАМАНДЫҚ КӨРСЕТІЛІП ТҰР. Бұл әсіресе резюмені интернет арқылы жібергенде көп кездеседі. Егер бірнеше мамандық бойынша жұмыс іздесеңіз, онда ерінбей әрқайсына жеке резюме жасаңыз. Сіздің заңгер позициясына жіберген ішкі қауіпіздік қызметкерінің резюмесі жұмысберушіні қызықтырады деп ойлайсыз ба? ⠀

3. ФОТО н/се жөнді фотоның БОЛМАУЫ. Әрине фотосы бар резюмеге жауап алу мүмкіндігі әлде қайда көп. Тек тойда түскен, жағажайдағы, сапасыз т.с.с. фотоларды қоймаңыз. Арнайы резюмеге деп іскерлік стильдегі фотоңызды жүктеп қойыңыз. ⠀

4. ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚАТЕЛЕРДІҢ  БОЛУЫ. Қатесіз жазыңыз! Сіз әр нәрсеге мұқият қарайтын, білімді әрі білікті маман екеніңізді көрсетіңіз. Керісінше сауатсыздықтың белгілерін болдырмаңыз. ⠀

5. ІЛЕСПЕ ХАТТЫҢ БОЛМАУЫ. Head Hunter, rabota.nur.kz немесе мейл арқылы болсын, әр кезде ілеспе хат жазып, онда неліктен жұмысберуші сізді таңдау қажет екендігін жазыңыз. Осы позицияға қатысты тәжірибеңізді, жақсы жақтардыңызды атап өтіңіз. Бұдан бөлек резюмеде сізді ұсынатын жұмысберушілердің аты-жөндерін жазып қойсаңыз жақсы болады.

Дереккөз: Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.