Еліміз бойынша 7 мыңға жуық адам каратэмен айналысады

0 0

Астанада «Менің алғашқы татамиым» атауымен каратэге жақында ғана келгендер арасында чемпионат өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Яғни жарысқа тек ақ белдікті киокушин шеберлері қатысты. Бас-аяғы 300-ден аса спортшы бірнеше жас және салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы бұл жарысты дәстүрлі өткізіп келеді. Соның арқасында шығыс жекпе-жегі бұқаралық сипат алып, қазір еліміз бойынша 7 мыңға жуық адам айналысады. Астананың өзінде биыл жаңадан мыңнан аса бала каратэ секциясына қабылданды.

Азамат Имашев, жарыстың бас төрешісі:

– Бүгінгі жарысқа қатысушылар көп болғандықтан, екіге бөліп өткізіп жатырмыз. Бұл балалар – әр клубтан іріктеліп, тәжірибе жинаған балалар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.