Шу ауданында Жамбыл облысы аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыруымен «Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық этнографиялық экспедиция өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Экспедиция облыс көлемінде тұратын этностардың этнография саласындағы үлттық дәстүрлері бойынша біліктіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

«Туған жер – туған ел» бағытындағы шараға келген экспедициялық топ Шу ауданындағы алты этномәдени орталықтарының дәстүріне сіңген бай рухани мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге ықпал ететін салт – дәстүрлерімен танысып шықты. 

Бұл экспедицияның зерттеу аймағында тиісті бағыттарда материалдарды жинақтау үшін белгіленген үздіксіз «сызықты» бағдар бойынша этнографиялық зерттеудің «Бағдарлау әдісін» пайдаланбақшы.

Ал, жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімі үш жыл, яғни 2018 жылдан 2020 жылға дейін есептелген.Үстіміздегі жылы әлеуметтік эерделеулер, бейнесюжеттер, фотоальбомдар шығару жұмыстары кезең – кезеңмен жүргізілетін болса, 2019 жылы этностардың дәстүрлерінің ерекшеліктерін ұйымдастыру, ал 2020 жылы Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері Энциклопедиясының 800 данасын шығару және интерактифті карта құрудың тұсау кесері жоспарлануда.