Таразда нан бағасы қайта қалпына келді

0 1

Таразда әлеуметтік нан бағасы қайта қалпына келді. Бұл туралы «ZhambylNews» АА 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір бұрынғыша 65 теңгеден сатылып жатыр. Дегенмен баға өсуі де мүмкін. Жергілікті билік наубайхана қожайындарымен ортақ келісімге келіп, арнайы комиссия мониторинг жүргізуге кіріскен. Олар мән-жайды анықтап, 7 күн ішінде нақты шешім шығарады. Ал бұған дейін нанды қымбаттатқан наубайханалар шығындарын есептеп, бағаны көтеру себептерін дәлелдеуі тиіс. Айта кету керек, нан бағасының өсуіне ұнның қымбаттығы әсер еткен.  Салдарынан ас атасының құны облыс орталығы мен Жамбыл, Байзақ аудандарында бірден 10 теңгеге көтеріліп кеткен еді.

Берік Нығмашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Қостанайдың, Солтүстік Қазақстанның ұн шығаратын мекемелермен келісімшарт жасап жатырмыз. Бұл ақпарат алдын ала барлық нан шығаратын орындарға берілген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.