Жыл сайын елімізге 300 мыңдай шетел азаматы жұмыс істеуге келеді

0 26

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қазақстандағы бос жұмыс орындары жөнінде мәлімдеме жасады.

Оның сөзінше, жыл басынан бері электрондық биржа порталында жұмыс берушілер 845 мың бос жұмыс орнын жариялады. Соның 432 мыңы — жұмысшы мамандықтар.

— Азаматтарымыз бос орындардың 60-70%-ына орналасады. Бірақ 30-40% бос жұмыс орнына адам табылмайды. Сол себепті, жұмыс берушілер шетелдерден маман тартады. Жыл сайын елімізге 300 мыңдай шетел азаматы жұмыс істеуге келеді. Бұл мәселе бойынша әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, — деді Асқарбек Ертаев.

Министрдің мәлімдеуінше, бұл олқылықтың орнын толтыру үшін мансап орталықтарының жұмысын өзгерту үдерісі жүргізіліп жатыр. Мәселен, цифрлық жүйені енгізу іске асырылып жатқанын айтуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында Олжас Бектенов Президенттің жоғары сенімін ақтауымыз керек деп мәлімдеген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.