Жаңа үлгідегі бағдаршамдар орнатылуда

0 0

Облыс орталығы Тараз қаласында бағдаршамдардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары қазір қызу жүргізілуде. Жыл соңына дейін барлығы 99- көше қиылысына 335- жаңа қондырғы қойлады. Өңір басшысы Асқар Мырзахметов Қонаев пен Комратов, Жамбыл көшелерінің бұрылыстарына қойылған бағаналарды аралап көрді. 

Сондай-ақ, аймақ басшысына заман талабына сай бір типте жасалған жаңа бағаналар көрсетілді. Ол бұрынғы бетоннан жасалған қондырғыларға қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі аз орынды алады. Жаңа бағаналарға бағдаршамдар мен бейнекамералар орнатылған. Оның үстіне бұрын салбырап тұрған электр сымдары қазір жер астынан өткізілуде.

Жалпы, Тараз қаласында биылғы жылдың соңына дейін 335 — бағананы орнатып біту көзделген. Сонымен қатар, бұл көшелердің аттары қазір латын тілінде жазылып жатыр. Болашақта ол да бір типті жүйеге түседі.

Орнатылып жатқан жаңа бағдаршамдар ішінде ақылды бағдаршамдар да бар. Ол көлік кептелісін болдырмау үшін керек. Яғни, ақылды бағдаршамдар көлік қай бағытта көп болса, сол бағытта жасыл түсті көбірек жандыруға мүмкіндік береді. Қалада, әзірге мұндай 10 — ақылды бағдаршам орнатылып үлгерді.

Айта кетейік, алдағы уақытта Жеңіс саябағына 6- шы мөлтек аудан жақтан кіре берістегі бұрылысқа да жаңа бағдаршам орнатылатын болады.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.