Облыстық филармония әулиеаталықтарға тарту жасады

0 8

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында «Баласағұн» ОКЗ-да К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Әуені әсем Әулиеата» атты концерттік бағдарламасын ұсынды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Концерттік бағдарлама «Жарты ғасыр – жалынды сәт» деректі фильмінің көрсетілімімен басталып, дирижер Адай Жұматтың жетекшілігіндегі қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы «Құлақ» күйімен ашылды.

Сонымен қатар, ауқымды шарада Дастан Көрегеннің жетекшілігіндегі «Алатау» фольклорлық ансамблі, дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұхтарбай Рахманқұлов, ҚР Мәдениет қайраткерлері Анна Вундер, Рәзия Мәдіханова, Дүйсенбек Өмірәлиев, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Нәзима Үсенова, Жанатбек Кәдіров, Маралбек Бабақұлов, әнші, композитор Жандос Омаров және облысымызға танымал жұлдыздар Ғани Мәтебаев, Торғын Орынбаева, Гүлшат Тінәсілова, Мәдина Сағынбекова, Жанна Асанқұлова, Қайсар Көкішов, Жазира Сметова және «Дауыс» триосы, «Құрбылар» тобы, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Ақкербез» би ансамблі, «Сымбат», «Балауса» балдық би топтары өнер көрсетті.

Көңілді кеште әсем әнді шарықтата шырқаған филармония әртістері  Әулиеата жұртышылығына рухани ләззат сыйлап, шаттыққа бөледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.