Әулиеата өңіріне жұмыс сапармен келген Айгүл Шайымова жамбылдық жастармен кездесті

0 0

Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мен ҚР Білім және ғылым вице-министрі  Бибігүл Асылова өңір жастарымен кездесу өткізді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды. 

Кездесуге М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры Махметғали Сарыбеков модераторлық етті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында алда келе жатқан 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Елбасының бұл бастамасы қазақстандық жастардың жан-жақты дамуына, ел болашағының жарқын болуына  мол мүмкіндіктер береді. Осы ретте өңір жастарымен еркін байланыс орнатып, өскелең ұрпақ бойында адалдық пен адамгершілік қасиеттерін арттыру, жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру бағытында өткізілген жиында жастар жылына қойылған үлкен міндеттер талқыланып, жастардың  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі кеңінен сөз болды.

Аталған басқосуға ЖОО студенттері, жастар қоғамдық бірлестіктері мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты. Сондай-ақ, шарада білім беру саласындағы жемқорлық фактілерін алдын- алу мәселелері кеңінен қозғалды.  Кездесуде жастар агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мен вице-министр Бибігүл Асыловаға көкейлеріндегі сауалдарды жолдап, еркін форматта пікірлесті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.