Apple акциясы 10% арзандады

0 1

Nasdaq биржасында америкалық Apple корпорациясының акциясы 10%, яғни 142 долларға дейін арзандады, — деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін компания басшысы инвесторларға жолдаған ашық хатында iPhone сатылымының төмендегінін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, бұған себеп АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы. Ал сарапшылардың айтуынша, мәселе мүлдем басқада. Егер компания өз стратегиясын өзгертіп, тұтынушылардың талабына құлақ аспаса, компания шығынға батады. Мәселен, осыдан үш ай бұрын Apple-дің құны 1,2 триллион долларға бағаланса, жаңа жыл қарсаңында америкалық компания 750 миллиард долларға дейін арзандаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.