Жүгіру алдындағы 5 жаттығу

0
28

Жүгіру – адам денсаулығына пайдалы жаттығулардың бірі. Десе де жүгірмей тұрып арнайы жаттығулар жасап, денені қыздырып алған дұрыс. Әсіресе жүгіру алдында тізеге арналған жаттығуларды орындау қажет.

Жүгіруді жылдам бастап кетуге болмайтынын спорт мамандары әуел бастан ескертіп келеді. Жақында Жапонияның Ракуно Гакуэн университетінің ғалымдары жүгіру алдында жасалуы тиіс 5 жаттығу түрін атады. Бұл жаттығуларды жүгіру алдында орындап жүрген адамдар оқыс қозғалыс кезінде жарақат алмай, өз нәтижесін жоғарылата түседі екен. Олай болса сол 5 жаттығу түрімен таныс бола отырайық.

1. Жамбас жазу жаттығуы

Алға қарай 45 градуста иіліп, тізені бүгіп көкірек тұсына тигізіңіз. Артынша жиған тізеңізді (артқа қарай тепкен секілді) артқа қарай жылдам жазыңыз.

2. Жіліншік жазу жаттығуы

Тік тұрған бойда тізеңізді бүгіп, бөксеңізге жеткізе бірнеше минут ұстап тұрыңыз. Артынша екінші тізеңіздің жіліншігіне де осы жаттығуды жасаңыз.

3. Сан бұлшықеттерінің жаттығуы

Тік тұрған қалыпта тізеңізді көкірегіңізге тигізіп, бірнеше рет қайталаңыз. Одан кейін екінші тізеңізді де көкірегіңізге жеткізе орындаңыз.

4. Бел мен жіліншік жаттығуы

Тік тұрған қалыпта бір аяғыңызды беліңізбен бірдей деңгейде ұстап, тізеңізді бүгіп-жазу жаттығуын жасаңыз.

5. Табан сүйектерін жазу жаттығуы

Бір аяққа тұрған қалыпта, екінші аяғыңызды көтеріп саусақтарыңызды бүгіп-жазыңыз.

Жүгіру алдында отырып-тұру жаттығуын жасауды да естен шығармаңыз.

Сондай-ақ, жүгіру алдында тізеңізді жоғары бүккен бойда қолыңызбен қапсыра ұстап, бір аяқпен тұру да пайдалы.

Дереккөз: Massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here