Жамбылдық оқытушылар республикалық конкурста жеңімпаз атанды

0 9

2019 жылдың 8 қаңтар күні М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де 2018 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық конкурсы жеңімпаздарымен баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Конкурстық комиссияның шешімімен Тараз мемлекеттік университетінің 8 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Атап айтсақ, Сағат Жүнісбеков «Мұнай, газ және механика» факультеті, «Механика және машина жасау» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, Исан Тілегенов «Мұнай, газ және механика» факультеті, «Мұнай-газ ісі» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, Манат Тлебаев «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультеті, «Информатика» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, Сейітжан Орынбаев «Мұнай, газ және механика» факультеті, «Электроэнергетика» кафедрасының доценті м.а., PhD докторы, Алтынай  Молдашева Технологиялық факультет, «Туризм және сервис» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты, Бекжан Абзалбекұлы Технологиялық факультет, «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасының доценті м.а., PhD докторы, Айша Нұрлыбайқызы Технологиялық факультет, «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті м.а., PhD докторы, Сандуғаш Үсенова «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, магистр.

Айта кетейік, конкурсқа республикамыздың 80 жоғары оқу орындарынан 481 үміткер қатысты. Еліміздің 43 жоғары оқу орнынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері атанды. Профессор-оқытушылар құрамын мадақтау және қолдау мақсатында өткен конкурста үміткерлердің ғылыми-педагогикалық қызметі сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Сертификат пен төсбелгіден бөлек, «Үздік ЖОО оқытушыларына» арнайы грант берілді. Бұл грант жеңімпаздарға әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мен біліктілігін арттыру мақсатында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.