Жамбылдық әскери қызметкерлерге дін туралы кеңінен ақпарат берілді

0 5

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкері Е.Жақыпов №2093 әскери бөлімінің қызметкерлеріне «Дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері» тақырыбында семинар өткізді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Семинар барысында елімізде соттың шешімімен тыйым салынған экстремистік ұйымдар туралы толық ақпарат берілді. Дәстүрлі емес діни ағымдар адамның санасын қалай улайтыны және осы арбаудан қалай арылу жолдары туралы ақпараттар тереңінен айтылды. Жат пиғылды діни ағымдардың төзімсіздік қасиетінің салдарынан еліміздің тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіретіні баяндалып, іс-шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып оларға толық жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.