Жамбыл облысында 2 200 гектар суармалы жер қайта қалпына келтірілді

0 6

Жамбыл облысында 2 200 гектар суармалы жер қайта қалпына келтірілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Каналдарды тазарту мақсатында коммуналдық-механикалық отряд құрылып, оның материалдық-техникалық базасына 693 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға арықтарды тазалайтын және қант қызылшасын өсіруге арналған техникалар алынған. Өңірде егістік алқабы 992 мың гектар жер болса, бүгінде оның 214 мыңы қолданыстан шығып қалған. Бұл жерлердің 175 мың гектарын тиімді пайдалануға болатыны анықталып отыр. Облыста алдағы үш жылда 88 мың гектар жерді қайта қалпына келтіру жоспарланған. Осылайша, ауыл шаруашылығы саласының мамандары аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігі мен еңбек өнімділігін арттыруды көздеп отыр.

Берік Нығмашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Елбасының тапсырмасына сәйкес, еңбек өнімділігін екі жарым есеге жоғарылату қажетпіз. Сондықтан суармалы жерлер кем дегенде 1 жылда 8 мың гектардан кем емес жерді қайтаруға жарты жылдықтың жоспарын дайындап қойдық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.