Жамбылдықтар «Жастар жылының» ашылуын тікелей эфирден тамашалауда (ФОТО)

0 0

Дәл қазіргі уақытта Тараз қалалық мәдениет үйінде жамбылдықтар «Жастар жылының» ашылу салтанатын тікелей эфирден тамашалауда. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласындағы «Нұр әлем» павильонында («ЕХРО-2017» көрме кешені) «Тәуелсіздік ұрпақтары» атауымен «Жастар жылының» ашылу салтанаты рәсіміне орай форум өтіп жатыр.

Іс-шара барысында жастар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдер таныстырылады. Спикерлер ретінде әртүрлі салалардағы жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтар баяндама жасайды. Мәселен, танымал кәсіпкерлер, стартаптар, еріктілер, ауыл шаруашылығы, ғылым және әдебиет саласындағы мамандар сөз сөйлейді деп күтілуде.

«Жастар жылында» елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспары іске асырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.