Қайыңды ауылдық округінде салық жоспары 100 пайызға орындалды

0 0

Т. Рысқұлов ауданына қарасты Қайыңды ауылдық округінің әкімі Азамат Асанбай Сөгеті және Мамайқайыңды ауылдарында халық алдында есеп берді. Округте 2018 жылы мүлік, жер, автокөлік, табыс салықтарын бюджетке түсіру жұмыстары 100 пайызға орындалды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қайыңды ауылдық округіне қарасты 3 елдімекен бар. Ауылдық округте барлығы 115 ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген. Шаруашылықтар негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Округтегі барлық егістік алқабы 7300 гектар-ды құрайды. 2018 жылдың өніміне 955 га бидай, 736 га арпа егіліп, мерзімінде орылды. Ауыл тұрғындары 35 га суармалы жерге бақша дақылдарын (қарбыз,қауын,картоп т.б.) егіп, өнімдерін алды және 20 га жер теліміне қант қызылшасы егілді, 3893 га жер теліміне күздік бидай егіліп, 838 га сүдігер жыртылды. Шаруалар қысқы мал азығына 1802 тонна табиғи шөп, 486 тонна сабан, 92 тонна жем дайындады.

Ауылдық округте ірі қара – 1161, қой – 20595, жылқы – 565, құстар саны -2252. 2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 52 отбасыға төленді.

Жыл бойында қоғамдық жұмысқа 20 жұмыссыз азамат тартылып, округ бойынша тазалық жұмыстарын атқарды. Ауылдық округ бойынша 2 жалғызбасты қарт мемлекеттің қамқорлығына алынып, арнайы бөлінген маманмен қызмет көрсетілуде.

2018 жылы Бағдарламаның 1 бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» мақсатында округте осы бағдарламаға қатысушы болып 3 нысан белгіленген. Белгіленген нысандарға жұмыспен қамту орталығы арқылы 11 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданып, жоспар толығымен орындалды. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында Қайыңды ауылдық округінде 4 адам несие алды. Несие алған тұрғындар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, қосымша жұмыс орындарын ашты. Тұрғындардың сұранысы бойынша әкімшіліктің ұйымдастыруымен елді мекендерге көгілдір отын кіргізумен айналысатын жеке кәсіпкерлер өкілдерімен жиналыстар бо-лып, тұрғындардың қабылдаған шешімдері бойынша «Лидер Строй Инвест» ЖШС-гі келісім- шартқа отырып, Сөгеті ауылына көгілдір отын кіргізді.

Мамайқайыңды ауылында 2018 жылдың желтоқсан айында фельдшерлік амбулаториялық пункт ашылып, халыққа пайдалануға берілді.

2018 жылы Қайыңды ауылының Жорабек Төлбаев көшесіне 602000 теңгеге бильборд және 729 теңгеге 7 жарнамалық тақтайшалар орнатылды. 240000 теңгеге Ма-майқайыңды ауылының Ш.Уәлиханов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.

Ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су мәселесі мен көше жарықтарын жөндеуді жалғастыру, таудан келетін каналдың ескірген бөліктерін жөндеу сияқты мәселелер көтеріп, оң жауабын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.