Ең көп лайк жинаған жұмыртқаның құпиясы ашылды

0 20

Instagram желісінде 52 миллионнан аса лайк жинаған жұмыртқа парақшасының сыры белгілі болды. Бұл вирус-парақшаға Netflix стриминг сервисінің бәсекелесі, Hulu брендіне тиісілі болып шықты.

14 қаңтар күні, Instagram әлеуметтік желісінде @world_record_egg парақшасы жұмыртқаның суретін жариялап @kyliejenner рекордын жаңартқан еді. Бүгінде сол пост 52 миллионнан аса лайк жинаған. Содан кейін жұмыртқа біртіндеп жарыла бастайды. Парақша оған кезең-кезеңімен арнайы суреттер жариялап отырды. Ал кульминация 2 ақпанда болды.

https://www.instagram.com/world_record_egg/?utm_source=ig_embed

Соңғы постта жарылып келе жатқан жұмыртқа америкалық футбол добындағыдай жіппен байланған. Сол арқылы Hulu стриминг сервисі көрсететін АҚШ-тың Ұлттық футбол лигасының финалы Супербоулға жарнама жасалған.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.