«Тараз» футбол клубы жаңа оқу-жаттығу жиынын бастады

0 2

Түркияның Анталия қаласындағы оқу-жаттығу жиынында өткен ойында «Тараз» футбол клубы ресейлік ұлттық футбол лиганың өкілі «Балтика» командасымен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ, «Тараз» футбол клубы бұл матчта қорғаныста нақты, айқын ойнап шықты. Ал қарсылас команда бір ғана гол соғу мүмкіндігіне ие болса, тараздық қақпашы бетпе-бет шыққан қауіпті шабуылды тойтарып, қақпасын доптан аман алып қалып жатты.

Сонымен қатар, тараздық команда қарсыласының қақпасына 2 гол салды. Бірінші жағдайда голды Тараз клубында қарауда жүрген Луис Педро соқса, екінші голды командаға жаңадан қосылған ойыншы Милош Бакрач салды. Ойын  нәтижесі бойынша тараздықтар басым түсіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.