Таразда ескерту жарияланды: Су деңгейі көтерілуі мүмкін

0
43

Таразды қалың тұман басты. Қалада кешелі бері жауын жауып, ауа райы құбылмалы болып тұр, – деп хабарлайды “ZhambylNews” AA «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Синоптиктер мұны аймаққа қарай келе жатқан атмосфералық ауа қысымымен байланыстырып отыр. Өңірде алдағы бір апта бойы жауын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Ал облыстың солтүстік шығысында секундына 23 метр жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерде минус 15 градусқа дейін күн сууы мүмкін. Сондай-ақ 14 ақпанда таулы аймақтарға қатты жауын-шашын түседі деп болжанып отыр. Салдарынан су қоймалары, өзен, көлдердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, аймақтағы барлық су қоймалары суды жинау режимінде жұмыс істеп тұр. Талас пен Аса өзендерінде ағып жатқан судың көлемі секундына 12 текше метрден аспайды. Қазір арнайы комиссия құрылып жағдайды бақылауға алды.

Ермекбаева, «Қазгидромет» РМК ауа райын болжау бөлімінің басшысы:

– Аймақта 13,14,15 ақпан күндері жауын-шашын болады. Болжам бойынша ақпанның 17-і мен 21-і аралығында да осындай ауа райы қалыптасады. Ал наурыз айының алғашқы 10 күндігінде күн суық болады. Тек айдың соңына қарай күн жылып, қалыпқа келе бастайды. Бірақ жауынды-шашынды болады. Биыл көктем ұзаққа созылайын деп тұр.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here