Таразда сыртқы жарнаманың сауаттылығына назар аударылуда

0 0

Ағымдағы жылдың 11-16 ақпаны аралығында Тараз қаласында «Көркем тіл – көрікті жарнама» атты акциясы өтуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Акция «Қазақстан Республикасының Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарын түсіндіру мақсаттарында ұйымдастырылып, Тараз қаласындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне сыртқы көрнекі ақпарат (жарнама) мәтіндерінің сауатты жазылуына,  түсінікті берілуіне назар аударылуда.

Ал, «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» заңының 21 бабына сәйкес, ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде — сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы, тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің қызметкерлері, тіл жанашырлары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысуда.

Авторы: Жазира Ережепбаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.