Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

0 1

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселелерінде ортақ күш-жігерді біріктіру мақсатында жасалған құжатқа «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы, «Нұр-Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі төрағасы, Жамбыл облыстық Кәсіподақтар Орталығы төрағасы, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының директор және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы қол қойды.

Меморандумның мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу мәселелерінде ортақ күш-жігерді біріктіруге және қабылданып жатқан іс-шараларға азаматтардың ортақтасу сезімін арттыруға және қоғамның, еңбек ұжымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда өзара тығыз серіктестікте болуға бағытталған.

Жиын барысында сөз сойлеген  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы  Р.Төлебаев, екінші жыл қатарынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың тұрақты төмендегенін, яғни,  олардың саны төрт есеге (23%) қысқарғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, арадағы меморандуммен «Жамбыл – адалдық алаңы» аясында өңірлік маңызды салалардағы тұрмыстық жемқорлықты жоюда және азаматтарға қолайлы орта құруда бірге жұмылдырылып жұмыс жасайтындығын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.