Жамбылдық полицейлер «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясын өткізді

0 0

2019 жылдың ақпан айының 11-15 аралығында Жамбыл аудандық полиция бөлімінде «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясына аудандық полиция қызметкерлері, білім бөлімі, бұқаралық баспасөз құралдарының өкілдері, жасы кәмелетке толмағандар, арнайы есепте тұратын жасөспірімдер және есепте тұрған жайсыз отбасылар балалары қатысты.

Аталған акция барысында аудан көлеміндегі барлық мектептерде жолда жүру ережелері сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Жамбыл АПБ қызметкерлерінің жұмыс орындары мен кезекші бөлімінің жұмысы таныстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.