Мәдениет — ұлттың мәйегі

0 602

«Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты» деп дана халқымыз тек айтпаса керек. Қарап отырсақ, жер бетіндегі өркениетті елдер ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанып, тек өздерінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылып жатады. Осындай халықтардың қатарына өзімізді яғни, қазақ халқында жатқыза аламыз. Олай дейтінім, үш мың жылдық дала өркениетінің ұйтқысы болған халқымыз Алтайдан Дунайға дейінгі алып сахараның мәдениеті мен өркениетінің кең қанат жаюына өз үлесін қосқаны ықылым заманнаң белгілі.

Сонау өткен тарихқа көз жүгіртер болсақ, қиын кезендердегі яғни, XIX-XX ғасырлар да қазақ халқының мәдениетке қол созуының өзі қылмыс саналатын тұста,  «Ұлы Дала» бойындағы рухани байлығын бойына сіңірген ұлтымыздың төл мәдениеті жойылып кете жаздады. Сонда, біздің халқымыз сан ғасырлар алпауыт империялар тарапынан қанша қиыншылық пен қысым көрседе ата-бабаларымыздан қалған мәдениеті мен салт-дәстүрді бұзбай, жоғалтпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырғандығының өзі елдігіміздің ерекше қасиеттілігіннің көрінісі емес пе? Енді міне сол бабалардаң қалған қасиетті салт-дәстүрлеріміздің, мәдени мұраларымыздың жемісінің дәмін біздер татудамыз. Осы ата-бабаларымыздан қалған бай мұраларымызды өскелен ұрпаққа аманат етіп қалдыру үшін, солардың алдында осы қазынаға толы құндылықтарымызды насихаттап, одан әрі дамытып отыру біздің басты парызымыз екенін ешқашан ұмытпағанымыз абзал.

Соңғы он жылдықта еліміздің кең қанат жайып, өркендеп алдыңғы қатардағы халықтардың қатарынан көрініп, бүкіл әлемге танылып отырғаны баршамызға белгілі. Міне енді қазіргі уақыттарда әлемдегі алпауытты, өркениетті халықтармен бейбіт қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасып көптеген мемлекеттік ұйымдарға мүше бола отырып бірнеше халықаралық дәрежедегі айтулы жиындар мен әлемдік деңгейдегі саяси және мәдени іс-шараларды да өткіздік. Қысқасы еліміз егемендік алғалы бері көптеген жетістіктерге де жеттіп жатырмыз.

Мәселен, сол өткен ғасырлар да құрдымға кете жаздаған мәдениетімізбен, рухани құндылықтарымызды қайтадан жаңғырта отырып, әлемдік деңгейде жаһанға паш етік.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік және т.б мәдени мұраларымызды түгендедік.

Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы екі жылда Қазақстандықтарға жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары көптің көкейінен шығып, халықтың рухани жан-дүниесін тағы бір серпілтіп тастағаны анық.

Міне, Президентіміздің осы аталған мақалалары бізге ұлт дамуының басты бағдарламаларын айқындап берді деп ойлаймын. Әрі осы бағдарламалар арқылы Мемлекет басшысы біздің бірегей ұлт екенімізді төрткүл дүниеге айқындап берді деуге толық негіз бар.

Әрине, халқымыздың осындай мәдени жетістіктерін айта берсек бір мақалаға сыйдыра алмасымыз анық.

Дегенмен, өзіміздің туған өлкемізге келетін болсақ сонау ортағасырдан бері мәдениет пен өркениеттің ошағы болған ұлы жібек жолы бойындағы Тараз қаласы мен Жамбыл облысы да отандық өркениетке аз үлес қосып келе жатқан жоқ.

Мемлекет басшысының жоғарыда аталған бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттер біздің бәрімізге зор жауапкершілік жүгін жүктеді. Осы орайда аталмыш міндеттерді орындау барысында өңірімізде облыс басшысының қолдауымен былтырғы жылдары қыруар жұмыстар атқарылды.

Мәселен, мәдениет, архив саласында 2018 жылы жоспарланған шаралар орындалып, көзделген мақсатты индикаторларға қол жеткізілді.

Халықтың мәдениетін арттырып, ұлттық өнерімізді өркендетуге үлес қосып отырған облыс көлеміндегі мәдениет, архив мекемелерінің саны 549-ға жетті. Оның 26-сы басқармаға қарайды, қалған 523-і Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне бағынысты. Бұл мекемелерге қарасты ауылды елді мекендердегі мәдени нысандарға бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай игілікті істің бірі Сарысу ауданындағы Түркістан ауылдық округінде ыңғайластырылған клуб мекемесіне Ә.Бүркітбаев ауылындағы  жеке дүкеннің ғимараты беріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шу ауданындағы ыңғайластырылған Шоқпар ауылдық клубы яғни, жаңа ғимарат құрылысы аяқталып, Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қазан айындағы № 405 Қаулысымен Шоқпар ауылдық мәдениет үйі болып ашылды.

Сондай-ақ, өткен жылы облыста 3 музей қолданысқа берілді: Қордай ауданы Әлжан ана ауылдық тарихи музейі, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейі және Тараз қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябағында «Желтоқсан-86» орталығы.

Тараз қаласының саябақтары, скверлері жаңартылып, Б.Момышұлы атындағы «Ерлік» мемориалдық кешені бой көтерді. Кешенге «Б.Момышұлы» ескерткіші, «Мәңгілік алау» ескерткіштері көшірілді. Осы жұмыстардың аясында 105 050 Ұлы Отан соғысына қатысушыларының тізімі арнайы мәрмәр тақтаға қашалып жазылды. Бұл игі бастаманың жалғасы ретінде «Ерлік» ақпараттық сайты ашылды.

Тараз қаласының күні қарсаңында сәні мен сәулеті жарасқан музей, саябақтар мен ескерткіштер ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Олар: Жамбыл Жабаев ескерткіші, Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ және онда ашылатын Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші, «Тәуелсіздік ұшқыны» алауы, «Ғибрат» орталығы, «Желтоқсан толқыны» субұрқағы және Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Тыл еңбеккерлеріне, «Чернобыль» атом электрстансасының зардабын жоюға қатысушыларға, Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған есерткіштері.

Тағыда айта кететін ерекше жайт Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасына сәйкес 2019-2021 жылдары 26 елді мекенде клуб ғимараттарын соғу жоспарлануда. Егер осы жобалар алдағы уақыттарда жүзеге асып жатса, өңірімізде мәдениет саласы жоғарғы қарқынмен дамитыны анық. Қазіргі заман талабына сай яғни, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бағдарламасы аясында Жамбыл облыстық мемлекеттік архивіне «Электрондық архив» ақпараттық жүйесі бағдарламасы орнатылды.

«Кітап пен кітапхана – мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты» дейді даналарымыз. Оқулық міәселесіне келгенде біз ешқашан бей-жай қарай алмаймыз. Өйткені, кітапхана саласының заманауи үрдістің шеңберінде дамуы әрқашанда біздің назарымыздан тыс қалмайды. Осы орайда, яғни, кітапхана – көпфункционалды коворкинг орталығы жобасы аясында Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханалар жанынан коворкинг және цифрландырылған ақпараттық орталықтары ашылып, кітапханалар мобильді стандартқа көшірілген. Кітапханалардан 71 орталықтар, оның ішінде — 1 бродкастинг залы, 17 коворкинг, 53 цифрландырылған ақпараттық орталықтар  ашылды. Ал биылғы жылыда мәдениет, клуб үйлерінде осындай 71 орталық ашуға мүмкіндік бар. Сонда барлығы – 142 орталық болады деп жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда аудандарда ашылған орталықтар egov.kz порталы арқылы балабақшаға кезекке тұру, некеге тұру туралы өтініш, мекен-жайы, сотталмағандығы туралы, жылжымайтын мүлкі туралы, салымның қаражат түсу қозғалысы туралы, зейнетақы қоры туралы, т.б. анықтамалар беріп, келушілермен жұмыс жасауда және цифрландырылған ақпараттық орталықтарда көрсетілетін қызметтерді  басқару, оны іске асыру үшін бір орталық жүйеге қосылған жеке сайт ашылды.

Аталған орталықтарда осы сайт арқылы ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына қажетті қызмет түрлері көрсетіліп, қажетті ақпараттар беріледі. 

Сондай-ақ, бүгінгі уақытта өңіріміздегі тарихи мұраларымызды сақтау, келер ұрпаққа жеткізу мақсатында жоспарлы жұмыстарымыз да жүзеге асып келеді.

Қазіргі таңда, облысымыздағы тарихи және мәдени ескерткіштеріміздің сандық көрсеткіші 3 368-ті құрайды. Оның ішінде: 741 тарихи – мәдени ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған, мұның 711 ескерткіші жергілікті дәрежеде, 30 ескерткіш Республикалық дәрежедегі ескерткіштер болса, оның  5-і ЮНЕСКО-ның «Бүкіл әлемдік Мәдени Мұра» тізіміне алынып, Халықаралық дәрежедегі ескерткіштер мәртебесіне ие. Ал қалған 2626 тарих және мәдениет ескерткіштері алдын-ала тізімге алынған.

Әрине, біз жоғарыда айтылғандай былтырғы жылғы атқарылған игілікті жұмыстарды бір мақалаға сыйдыра алмасымыз анық. Әйтсе де халық игілігі үшін атқарылған мәдени іс-шараларға да мойын бұрмай кетуіміз әбестік болар. Өздеріңізге белгілі кейінгі жылдары бірқатар тың жобалар айтарлықтай іске асырылуда. Өткен жылдың өзінде облыс көлемінде ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған 7 мыңнан аса іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде 3 халықаралық, 4 республикалық, қалғандары облыстық және аудандық деңгейдегі шаралар.

Мен осы мәдени іс-шаралардың ішінде жетістіктерінің ең ірілері мен айтулыларына ғана тоқталып өтуге мәжбүрмін. Себебі, біздің барлық мәдени жетістігімізді бір мақала аясында сыйдыра алмайтынымды жоғарыда айтып өттім.

Былтырғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» бағыты бойынша облыстың шығармашыл өнер ұжымдарының шет елдермен мәдени байланысын нығайту жұмыстары қолға алынып, айтулы шаралар іске асырылды. Оған дәлел облыстық филармонияның «Балауса» циркінің әртістері Араб мемлекетінің Доха қаласында өткен «MAGIC FESTIVAL — 2018» фестиваліне қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленсе, облыстық орыс драма театры Велес қаласында (Македония) өткен «Стоби-2018» Халықаралық антика драмасының театралдық фестиваліне қатысып, «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды. Ал, Шу ауданының «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі Түркия мемлекетінде өткен «Анадолу» фестиваліне қатысып, көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп қайтты.

Сондай-ақ, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Ақкербез» би ансамблі Біріккен араб әмірліктерінде би фестиваліне қатысып, бишілеріміз арнайы сертификаттарды иеленіп, жүлделі орынмен оралды. Бұл дегеніміз еліміздің мәдениеті әлемдік өркениетпен қанаттас екенінің белгісі.

Иә рас, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында да өңірлік бағдарламаға сәйкес бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Бастапқыда «Рухани қазына» кіші бағдарламасына сәйкес мәдениет саласы бойынша 23жобалар мен іс-шаралар ұсынылған болатын.

Бүгінгі күні бұл жобалар ықшамдастырылып реестрге 7 жоба мен 2 іс-шара енгізілді. Бұл жобалар «Туған жер, туған ел» және «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобалары аясында іске асырылады.

Сонымен қатар, басқарма мен оған қарасты мекемелердің биылғы жылы ұйымдастыратын іс-шараларының жоспары қайта қаралып, облыстық деңгейде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ауқымды тың жобалар жоспарланды. Олар: 1. «Жамбыл- менің жай атым, Халық- менің шын атым» Республикалық ақындар айтысы;2. Халық шығармашылығының «Әулиеата бояулары»  І-ші фестивалі;3. «Ғибратты өнер керуені» мәдени-әлеуметтік жоба; 4. Облыстық«Taraz симфониясы» классикалық өнер фестивалі;5. «Талас толқындары» атты І-ші облыстық музыкалық өнер фестивалі;6. «Көне Тараз күмбірі» атты І-ші Республикалық этно-фольклорлық фестивалі.

Бұл жоғарыдағы аталған игілікті істер барысында біріншіден облысымыздың барлық мәдениет, өнер саласындағы қызметкерлеріміздің жігері мен ынтасын, шабытын қамшыласақ, екіншіден осы мәдениет үйлерін материалдық құрал-жабдықтар, көліктер және музыкалық аспаптармен қамтамасыз ете отырып, халқымыздың мәдениетін ауқымды және іргелі тұрғыда дамыту жұмыстарының жылдан-жылға жүзеге асып жатқанының көрінісі. Бұл үшін алдымен Жамбыл облысы әкімдігіне алғысымыз шексіз. Болашақта осындай халықтың пайдасына арналған айшықты іс-әрекеттер осылай жалғасын таба беретін болса, өңіріміздің отандық өркениетке зор үлес қосатынына кәміл сенеміз.

Қайсыбір халықтың тарихына көз жүгіртіп қарар болсақ, ең алдымен тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына үңілетініміз анық. Оның дәлелі Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында «Біз әлемдегі өркениетті елдерге мәдениетімізбен, ұлттық рухани құндылықтарымыз арқылы таңылуымыз қажет» деп айтқан болатын. Бұл жерде көреген басшымыз руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар, әрі жарқын болатындығың сөзге тиек етіп отыр.

Міне біздер енді, осы өнегелі сөзді арқау ете отырып, бабалардың біздерге мирас етіп қалдырған рухани бай мұрасы мен құндылықтарың жас өскелен ұрпақтарға насихаттап, мәдениет ұлттың мәйегі екенің дәлелдеп, елдік рухани мүддемізді әлемдік деңгейде жаңғырта аламыз.

Ендеше озық ойлы еліміздің рухани өсуі мен өркендеуі баянды болсын. Азат еліміздің бағындырар биігі әлі алда.

 Дереккөз: bilim-all.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.