Басты мақсат — ауыл шаруашылығын дамыту

0 8

Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында семинар кездесуі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Қалымбетов, аудандық маслихат хатшысы Шахикерім Исабеков, Будан элиталық тұқым шаруашылығының атқарушы директоры Ермек Өскенбаев, «Август-Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Оңтүстік бөлімшесінің басшысы Виктор Гребенюк, «Август-Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджер технологы Серіжан Бексұлтанов және ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтары қатысты.

Сондай-ақ, кездесуде аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Қалымбетов ауданда атқарылған жұмыстар жайлы айтып, биылғы жылғы 5074 га суармалы егістіктің 1000 гектарына жүгері егу керектігін жеткізді.

Бұған қоса, семинарда Будан элиталық тұқым шаруашылығының атқарушы директоры Ермек Өскенбаев, «Август-Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Оңтүстік бөлімшесінің басшысы Виктор Гребенюк, «Август-Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджер технологы Серіжан Бексұлтанов сөз алып, өздерінің компаниялар туралы айтып, бейнеролик және слайд арқылы жүгері өнімі туралы түсіндіріп, шауруа қожалықтарының сауалдарына жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.