Әлемдік мұнай бағасы 105 доллардан асты

0 20

28 қыркүйекте әлемдік мұнай бағасы шикізатты жеткізудегі қиындықтарға байланысты жоғары болып қалды.

28 қыркүйек таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,74%-ға қымбаттап, барреліне 106,14 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,90%-ға өсіп, барреліне 93,24 долларға жетті.

Ал ресейлік Urals мұнайының бағасы 3,57%-ға көтеріліп, барреліне 113,61 долларға тең болды.

Қазір мұнай нарығына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Атап айтқанда, инвесторлар АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің нәтижесін күтіп отыр. Егер тараптар келісімге келсе, аймақтағы шиеленіс бәсеңдеп, Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімі қайта қалпына келуі мүмкін.

25 қыркүйектен бері мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасында бітім жасалуы мүмкін деген болжам аясында өзгеріп келеді. Сонымен қатар нарық қатысушылары Таяу Шығыстан мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдерді бақылап отыр.

Еске салайық, мұнай бағасы кейінгі бір аптадағы ең жоғары деңгейге жеткен еді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.