Таразда грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

0 1

Таразда 1 – 4 наурыз аралығында грек-рим күресінен 18-20 жастағы спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Чемпионатқа Республиканың барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 270 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 25 спортшы қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, Дәулет Досыбаев, Мейірбек Қордабай І орынға жайғасты. Ал Темірлан Мамытбек ІІ орынды қанжығасына байласа, ІІІ орын Алматбек Аманбекке және Ержан Нұртаевқа бұйырды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.