Ауыл мектебінде инновациялық білім беру тәсілдері талқыланды

0 0

Жамбыл ауданында  «Ресурстық орталық – инновациялық білім көзі» атты семинары өтті. Тірек мектебінде ұйымдастырылған іс шара барысында заманауи білім беру жүйесі туралы жан жақты ақпар айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Білім саласындағы өзгеріс мамандардан күн сайын жаңашылдықты талап етуде. Жамбыл ауданы Тастөбе ауылындағы Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде өткен семинарда осы жаңалықтар жан жақты айтылды. Шәкірттер күндегіден өзгерек  дәрістерді тыңдап, санаға түйді.

Семинарға жоғары оқу орындарының ұстаздары да қатысты.  Химия, физика, биология пәндеріне қатысты қызықты мәліметтер айтылды.  Университет мұғалімдерінің мектепке келіп сабақ оқытуы, ұстаздардың да  білім беру жүйесіне жаңаша бағыт беруде.

Семинар соңы ашық есік күніне жалғасты.  Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ұстаздары мен студенттері болашақ түлектерді  жоғары оқу орнында білім алуға шақырды.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.