Жамбыл облысының спортшылары Елбасыға алғыстарын жеткізді

0 8

Аса құрметті елін сүйген, елі сүйген Елбасы!

Еліміздің спортын қиын-қыстау кезеңдерде назарсыз қалдырмай, спортшылардың ерен еңбегіне беріп отырған жоғары бағаңыз бен қолдауыңызға мың алғыс!

Спорт пен салауатты өмір салтын жалпы xалыққа қолжетімді етіп, жас ұрпақтың тәрбиесіне орасан зор үлес қостыңыз. Спорт — денсаулықтың кепілі екендігіне өзіңіз бірден-бір үлгі болдыңыз. Осының өзі нағыз Елбасыға тән көрегенділік деп білемін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Аса маңызды спорт сайыстарында ел спортшыларына үміт артып, қолдап, жоғары баға бергеніңіз қазақ спортшылары үшін үлкен мәртебе.

Өзімнің және барша спортшылардың атынан аз уақытта ел спортын жоғары деңгейге жеткізіп, әрбір спорт түріне қосқан зор үлесіңізге үлкен рақметімді айтамын. Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне көрсеткен сый-құрметіңіз кез-келген жас спортшыны жігерлендіретіні сөзсіз.

Еліміз үшін төккен теріңіз елеусіз қалмайды. Сіздің дана саясатыңыз қашан да бәрімізге үлгі!

Біз әрқашан Сізбен біргеміз!

Жамбыл облысының спортшылары атынан:

Ақжүрек Таңатаров, еркін күрестен Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері

Бейбіт Ыстыбаев, қазақ күресінен үш дүркін «Қазақстан барысы»

Елдос Сметов, дзюдон «Рио де Жанейро» олимпиадасының күміс жүлдегері

Зульфия Габидуллина, жүзуден «Рио де Жанейро» параолимпиадасының чемпионы,

Гузалия Гафурова, каратэден Азия ойындарының жеңімпазы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.