Жамбылдық жастар Елорданың атауы «Нұр-Сұлтан» болып өзгертілгенін қолдайды (ВИДЕО)

0 0

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Жастар» сарайында Елорданың Нұр-Сұлтан атануына байланысты жиын өтті. Алқалы жиынды М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы Асқар Абдуалы ашып, модераторлық етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Асқар Бекәділұлы Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруі өте орынды шешім болды деген пікірде. Өйткені, астананың Астана болып асқақтауында Елбасының ерен еңбегі сіңді. Сондықтан да ол Жамбыл жастары жаңа атауды қолдап, арнайы жиын өткізіп отырғанын тілге тиек етті.

Ал, облыстық «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы Уәлиxан Болатбек Елбасының жастарға қамқор екенін айтады. Өз сөзінде өңірдегі жастар қауымы астананың Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгергенін қолдайтынын жеткізді. Мәселен, Елбасының «Болашақ» бағдарламасы арқылы мыңдаған азамат шет елде білім алып, елінің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салып жатыр.

Жиында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті Салтанат Бөкешова сөз алып, өз ойын ортаға салды. Студенттің айтуынша, Нұр-Сұлтан заман талабына сай, керемет атау.

– Сындарлы саясатымен Қазақстанда ғана емес, әлемдік аренада танымал болып үлгерген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының есімінің астанаға берілуін орынды шешім деп санаймыз. Елбасымыз Тәуелсіз Қазастан Республикасының макетін жасауда ерен еңбек сіңірді. Қай салада болмасын еліміздің және мемлекетіміздің шоқтығы биік болуы үшін талмай еңбек етті. Бұның барлығы бүгінгі жастар мен келешек ұрпақ үшін өнеге, – деді ол.

Кездесуде сөз алған жастар Нұр-Сұлтан атауы астананың одан әрі дамуына ықпал етеді деген пікірде. Сондықтан да олар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімінің өміршең болатынына сенім білдіріп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.