Жамбылдықтар «Нұр-Сұлтан» атауын қолдайды (ВИДЕО)

0 13

«Қазақстан темір жолы» АҚ «Жамбыл локомотив пайдалану депосында» Елорданың «Нұр-Сұлтан» қаласына ауыстырылуын қолдау бойынша акция өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шараға депо қызметкерлері, жұмыскерлер, Теміржол колледжінің студенттері, барлығы 400 адам қатысты.

Жиында ең бірінші болып «Жамбыл облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Төлепберген сөз алып, Астананың Нұр-Сұлтан болып аталуын қолдады. Оның айтуынша, Елорданың Нұр-Сұлтан аталуы Елбасының еңбегіне берілген лайықты баға.

Ал, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев қаланың Нұр-Сұлтан деп аталуы көптен бері талқыланып жүргенін тілге тиек етті. Сондықтан да ол бас қаланың жаңа атауға ие болғанын тараздықтар да қолдайтынын айтып, Әулиеата жұртын құттықтады.

Сондай-ақ, жиында Жамбыл облыстық қан орталығының басшысы, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Гулам Умаров сөз алып, өз ойын ортаға салды. Ол 1998 жылы бой көтеріп, аз ғана уақытта әлем назарына іліккен Астана – мемлекетіміздің маңызды саяси орталығына айналғанын айтты. Ал астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту – ең біріншіден Елбасының еңбегіне лайықты құрмет көрсету болса, екіншіден Елбасынының саяси бағытының сабақтастығының кепілі болып табылатынын ескертті.

Кездесу барысында сөз алған азаматтар Нұр-Сұлтан атауын қолдайтынын айтып, өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Аталған акция соңында жергілікті өнерпаздар ән айтып, көпшіліктің көңілін көтерді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.