WhatsApp мессенджеріне өзгеріс енгізілді

0 1

WhatsApp мессенджерін құрастырушылар топтардан келетін хабарламаны өшірудің жолын тапты. Яғни топ мүшелері қанша белсенді болса да, диалог жоғарғы жаққа шықпайды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA 9to5Google сайтына сілтеме жасап. 

Көптеген қолданушы өзін топқа қосқанды ұнатпайтынын айтқан. Алайда басқа топ мүшелері топтан шығып кеткенін көріп қоятындықтан, мұндай қадамға бара алмайды.

«Архивтегі чаттарды көрсетпеу» деп аталатын режим топта қала тұра жаңа хат туралы ескертпе алмауға мүмкіндік береді. Бұдан өзге архивтегі чаттар бұдан бұлай төменде жасырылмайды. Аталған режим қажет болғанда толассыз хаттардан демалып алуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.